Бас тақырыпЖаңалықтар

Еліміздегі 1 100 мектеп базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылған

Квадрокоптерлермен (дрондармен) жұмыс істеуге баулу мектептердің қазіргі заманғы оқу үдерісіне белсенді енгізіліп жатқан робототехника аясындағы бағыттардың бірі. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде еліміздегі 1 100 мектепте STEM-зертханалар базасында дрондарды басқару үйірмелері ашылған.

Сурет: ar.inform.kz

Бұл үйірмелерде оқушылар дрондарды құрастыру мен бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, техникалық ойлау қабілетін, инженерлік машықтарын және практикалық дағдыларын дамытады. Мұндай үйірмелерге қатысатын оқушылар робототехника бойынша түрлі жарыстарға белсене қатысуда.

Сонымен қатар еліміз бойынша 24 жас техниктер станциясы мен техникалық шығармашылық орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда балалардың инженерлік және өнертапқыштық қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ал биыл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие жаңа мамандық – дрон операторы бойынша мамандарды даярлау ісі басталады.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button