Бас тақырыпЖаңалықтар

Елімізде жылқының жаңа тұқымы пайда болады

Абай облысында жылқы тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ortalyq.kz  “АПК Новости” агенттігіне сілтеме жасап.

Сурет: gov.kz

“Өткен жылы шаруашылықта “Ертіс” атты қазақ жылқысының тағы бір асыл тұқымды түрі шығарылды. Бұл Бесқарағай ауданында екінші рет жаңа үлгідегі жылқыларды іріктеудегі сәтті қадам болды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өңір жағдайына бейімделген қазақтың ақбас тұқымы негізінде мүйізсіз ірі қараның жаңа түрін өсіру бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылы өңірде “Бесқарағай” атты жылқының жаңа түрі таныстырылған. Ол кез келген климат жағдайына өте төзімді етті әрі сүтті жылқылар. Жануарлар ірі – айғырлардың салмағы 700 келіге дейін, биелердің салмағы 600 келіге дейін жетеді. Жылқылар мінуге де, жегуге де жарамды.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button