Ресми

Елімізде «Жастар апталығы» басталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 12 тамызда аталып өтетін халықаралық жастар күні қарсаңында «Жастар апталығының» басталғанын жариялады.

Осылайша, 7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңдарында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.

Апта Қазақстанның әр өңірінде «12 игі іс» қайырымдылық акциясымен басталады. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады, экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button