Бас тақырыпЖаңалықтар
Елімізде жаңа төлем әдісі енгізіледі
Қазақстан Ұлттық банкі криптокарталар жобасын және цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобаларды іске қосуды бастады, — деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Ұлттық банк криптокарта жобасын – «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензияланған криптовалюта биржаларында әмиянында сақталған криптовалютамен төлеуге болатын төлем карталарын іске асыруды бастады.
«Бұл шешім цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы енгізуге мүмкіндік береді», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Жоба Ұлттық банк, банктер, криптобиржалар және финтех-компаниялар өкілдерінің кездесуінде таныстырылды.
«Кездесу барысында цифрлық активтерді елдің қаржы жүйесіне интеграциялау және тиісті реттеуді одан әрі дамыту мәселелері қаралды», – делінген ақпаратта.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.



