Елімізде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды
Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымдағы бұйрығымен жаңа редакцияда Кәсіби мерекелердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтна сілтеме жасап.
Тізімге қосылды:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметкерлері күні – 7 сәуір;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
Ветеринарлар күні – 10 шілде;
Аңшылық қызметкерлерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күні 18 қараша.
Сонымен қатар, бұрынғыдай мерекелер тізіміне мыналар кіреді:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан күні – 10 қаңтар;
Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация қызметкерлерінің күні – 1 ақпан;
Ұлттық баспа күні – 2 ақпан;
жерге орналастыру, геодезия және картография күні – наурыздың екінші сенбісі;
Геолог күні – сәуірдің бірінші жексенбісі;
Ғылым қызметкерлері күні – 12 сәуір;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні – 21 сәуір;
Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр;
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні – 21 мамыр;
Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – мамырдың соңғы жексенбісі;
Эколог күні – 5 маусым;
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні – 7 маусым;
Әскери қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың арнайы күштері қызметкерлерінің күні – 9 маусым;
Полиция күні – 23 маусым;
Мемлекеттік қызметшілер күні – 23 маусым;
Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні – 24 маусым;
Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні – маусымның екінші жексенбісі;
Малшылар күні – маусым айының екінші жексенбісі;
Медицина қызметкері күні – маусымның үшінші жексенбісі;
БАҚ күні – 28 маусым;
Дипломатиялық қызмет күні – 2 шілде;
Су қызметкерлері күні – 9 шілде;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары күні – 13 шілде;
Нотариус күні – 14 шілде;
Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні – шілденің екінші жексенбісі;
Металлургтер күні – шілденің үшінші жексенбісі;
Сауда қызметкерлерінің күні – шілденің төртінші жексенбісі;
Көлік қызметкерлерінің күні – тамыз айының бірінші жексенбісі;
Құрылысшылар күні – тамыз айының екінші жексенбісі;
Шекарашылар күні – 18 тамыз;
Шахтер күні – тамыз айының соңғы жексенбісі;
Мұнай және газ саласы қызметкерлерінің күні – қыркүйек айының бірінші жексенбісі;
Атом саласы қызметкерлерінің күні – 28 қыркүйек;
Әділет қызметкерлерінің күні – 30 қыркүйек;
Инженер-механик күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
Радио күні – 1 қазан;
Мұғалімдер күні – 5 қазан;
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні – 6 қазан;
Қазақстан кәсіподақтары күні – 10 қазан;
Құтқарушылар күні – 19 қазан;
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні – қазан айының үшінші жексенбісі;
Кітапханашылар күні – 24 қазан;
Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
Күзет қызметкерлері күні – 29 қазан;
Сыртқы барлау күні – 5 қараша;
Статистика күні – 8 қараша;
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күні – 10 қараша;
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні – 15 қараша;
Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі;
Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні – қарашаның үшінші жексенбісі;
Адвокатура күні – 5 желтоқсан;
Прокурор күні – 6 желтоқсан;
Энергетиктер күні – желтоқсанның үшінші жексенбісі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні – 20 желтоқсан;
Мұрағатшылар күні – 22 желтоқсан.
Бұйрық 2024 жылғы 17 маусымда күшіне енді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА