Бас тақырыпБасты тақырып
Елімізде зейнетақы төлемдерінің мөлшері өзгерді
Елімізде «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң күшіне енді. Бірқатар төлем мөлшері өзгерді, деп хабарлайды Ortalyq.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі есептік көрсеткіштердің мөлшері белгіленді.
Атап айтқанда:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге(өзгеріссіз);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге(2025 жылы – 3 932 теңге);
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге(2025 жылы – 32 360 теңге);
- ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге(2025 жылы – 62 771 теңге);
- күнкөріс минимумы – 50 851 теңге(2025 жылы – 46 228 теңге).
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



