Жаңалықтар

Елімізде валюта айырбастау ережелерін өзгертті

ҚҰБ Басқармасы валюталық реттеу мәселелеріне қатысты құжаттардағы өзгерістерді бекітті. Өзгерістер валюта айырбастауға да әсер етті.

Сурет egemen.kz

Ұлттық банк басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша бірқатар нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар да енгізді. Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылып, валюталық заңнама талаптарынан жалтару үшін жасалуы мүмкін және қаржы мониторингіне жататын операциялар тізімі кеңейтілді.

– Сонымен қатар, басқарма шешімімен ақша айырбастау пунктері арқылы жүргізілетін операциялар үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату бағамдарының айырмашылығы шектелді: АҚШ долларына – 7 теңге, еуроға – 10 теңге, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, төлем жүйелері және Ұлттық банктің өзге де қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button