Бас тақырып

Елімізде темекі қымбаттады

Қазақстанда темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 12,1 пайызға өсіп, 920 теңгеге жетті. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиевтің бұйрығында айтылған.

Сурет ult.kz

Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 «Сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигарилаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрыққа сәйкес, 20 дана сүзгісі бар, сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы келесідей:

— 920 теңге — 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұған дейінгі баға — 820 теңге);

— 970 теңге — 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап (бұрын — 870 теңге).

Бұйрық 2025 жылғы 1 шілде де күшіне енді. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button