Елімізде тағы бір азамат коронавирустан жазылып шықты
Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 жұқтырған тағы бір науқас емделіп шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл науқас 13 наурыз күні түнде Алматыға “Берлин-Минск-Алматы” чартерлік рейсімен ұшып келген. Ол вирусқа қарсы емнің және терапияның толық курсын алды. Ауруы жеңіл түрде өтті. Емдеу кезінде жағдайы нашарламады. Қазір ол 14 күндік үй карантиніне жіберілді.
Еске салайық, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері толықтай оқшауландырылып, инфекциялық стационарға карантинге жатқызылған болатын. Ертең соңғы анализдер расталғаннан кейін тағы бір науқас шығарылады. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан 12 жастағы қыз.
Соңғы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында тағы 9 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 дертіне шалдыққандардың саны 135 адамға жетті.