Бас тақырыпЖаңалықтар

Елімізде су шаруашылығын дамытуда АҚШ-тың тәжірибесі қолданылады

Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметімен ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды ortalyq.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігінен

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен және Орталық Азиядағы USAID Экономикалық даму өңірлік кеңсесінің директоры Лаура Чизмомен кездесті. Тараптар су саласының түрлі бағыттары бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметімен (USGS) жерасты суларын барлау және зерттеу саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша бірнеше кездесу өткізгенін айтты. Бүгінгі таңда тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келді және министрлік меморандум дайындап, келісу үшін USGS-ке жіберді.

Елші өз кезегінде америкалық тарап су тасқынының алдын алу және жедел ден қою, оның салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Мәселен, елімізге АҚШ сарапшыларын шақыру арқылы қолдау көрсетуге ниетті.

Нұржан Нұржігітов қазақстандық су шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру мәселесіне жеке тоқталды. Елші мен USAID өкілдері отандық кадрларды оқытуға болатын түрлі халықаралық бағдарламалар туралы айтып берді.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button