Бас тақырыпЖаңалықтар
Елімізде сәуір айынан бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады
Қазақстанда 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде көліктермен бірдей етіп теңестіріледі. Сәйкесінше, енді оларды тіркеу қажет, деп хабарлайды ortalyq.kz.

Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жолын көрсетті. Оларды пайдалану үшін:
- Полицияда тіркелу;
- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
- Техникалық тексеру;
- Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өткізу қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚО-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
- Мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.