Бас тақырып

Елімізде сұйытылған газды шығаруға тыйым ұзартылды

Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 қарашада “Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы” бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасынан сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды автомобиль және теміржол көлігімен алты ай мерзімге шығаруға тыйым салынады.

Тыйымнан тыс жағдайлар:

  • өнімді Президент бекіткен өнімді бөлу туралы келісім немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарт шеңберінде өндірген, салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың экспорты;
  • Қарашығанақ кен орнынан өндірілген қазақстандық шикізаттан алынған (қайта өңделген) тауарларды ҚР халықаралық шарттарына сәйкес шығару;
  • Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін, басталуы мен аяқталуы ел аумағынан тыс жерлерде орналасқан тасымалдар;
  • ҚР Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек ретінде шығарылатын тауарлар.

Бұйрық 2025 жылдың 14 қарашасынан бастап күшіне енеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button