Бас тақырып

Елімізде пойыз қозғалысының кестесін онлайн бақылайтын қызмет іске қосылды

Енді жолаушылар нақты уақыт режимінде пойыздардың келу және кету уақытын бақылап, қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы жедел ақпарат ала алады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жолаушыларға арналған «Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы» атты жаңа цифрлық сервисті қолданысқа енгізді.

Сурет syrboyi.kz

Бұл қызмет “Жолаушылар тасымалы” АҚ Ситуациялық орталығы аясында әзірленді. Орталық жолаушылар пойыздарының қозғалысын тәулік бойы бақылап, мониторинг жүргізеді. Пойыздарға орнатылған GPS-трекерлер деректерді автоматты түрде орталыққа жіберіп, пойыздардың орналасқан жерін дәл анықтауға және қозғалыс кестесін жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Жаңа сервис жолаушыларға bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.

Пойыз қозғалысы туралы ақпарат алу үшін:

  1. https://bilet.railways.kz сайтына кіру қажет.
  2. “Пойыз қозғалысының онлайн тақтасы” баннерін басу керек.
  3. Картадан қажетті пойызды таңдау қажет.
  4. Сондай-ақ, қызметке https://tablo-railways.kz/ru/ сайты арқылы да кіруге болады.

– Бұл сервис жолаушыларға нақты уақыт режимінде пойыздың қозғалысын картадан бақылауға, таңдаған станциядағы келу және жөнелту кестесін тексеруге, қозғалыс кестесіндегі өзгерістерді бақылауға, барлық аялдама станциясын, күту уақыты мен межелі бекетке шамамен келу уақытын көруге мүмкіндік береді, – делінген ақпаратта.

Жаңа сервис bilet.railways.kz ресми сайтында қолжетімді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button