Бас тақырып

Елімізде паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы бере бастайды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биометриялық сәйкестендіру терминалы арқылы паспорттар мен жеке куәліктер беруге арналған пилоттық жоба туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды.

Сурет: www.caravan.kz

– Пилоттық жобамен Республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында қолданыстағы тәртіпке балама нұсқа ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фронт-офистерінде биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып, құжаттау терминалы арқылы «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін көрсету 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады, – делінген баспасөз-релизде.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button