Бас тақырып

Елімізде пәтерін жалға беретін азаматтар жылдық табысының 10%-ын салық ретінде төлеуі қажет

Пәтерді жалға беретін қазақстандықтарға дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық пен аударымдарды төлеуге немесе тіркелмей-ақ жеке табыс салығын төлеп, декларация тапсыруына болады. 

Сурет kz.kursiv.media

Енді жалға берушілер дара кәсіпкер ретінде тіркеле алады. Алайда дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес, бұл – қызмет түрін заңдастырудың бір жолы ғана. Қазақстандықтар пәтерді жалға беру кезінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ қойса да болады, бірақ бұл жағдайда салық мөлшері айтарлықтай жоғары болады, ол – табыстың 10 пайызы мөлшерінде. Одан бөлек, кәсібін тіркемеген азаматтар жыл сайын кірісін декларациялауға тиіс. Бұрын ол 240-нысан бойынша жеке табыс салығын декларациялау арқылы жүзеге асса, енді оның орнына 270-нысан бойынша табыс пен мүлік туралы декларация тапсырылуы қажет.

«Учет» порталының мәліметінше, есепті жыл сайын 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыру қажет. Декларацияны тапсырғаннан кейін 25 қыркүйекке дейін түскен пайданың 10 пайызы мөлшерінде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу керек.

Мәселен, қазақстандық пәтерін айына 200 мың теңгеге жалға берсе, оның жылдық табысы 2,4 млн теңгені құрайды. Дәл осы сомадан 10 пайыз, яғни 240 мың теңге ұсталып қалады және жеке табыс салығы ретінде төлеу қажет болады.

Бұған дейін жеке табыс салығы бойынша декларацияны 31 наурызға дейін тапсыруға болатын. Сондықтан қазір пәтер иелеріне табысын декларациялауға уақыт жеткілікті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button