Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар жол учаскелері жабылды
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел) республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Ел бойынша боран, көктайғақ және қатты жел күшеюі мүмкін екені туралы дауылды ескертулер жарияланған.

Жабылған жол учаскелері:
• 10 ақпан, 18:00-ден бастап
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»
(1067–1135 км, Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы)
• 10 ақпан, 18:00-ден бастап
«Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара»
(231–324 км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті)
• 11 ақпан, 00:30-дан бастап
«Астана – Қарағанды – Алматы»
(248–592 км, Атамекен ауылы – Балқаш қаласы)
• 11 ақпан, 00:30-дан бастап
«Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті»
(970–1064 км, Қарағанды қаласы – Молодежный кенті)
• 11 ақпан, 05:20-дан бастап
«Астана – Қарағанды – Алматы»
(92–164 км, Теміртау қаласының ААП – Ақмола облысының шекарасы)
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



