Жаңалықтар

Елімізде некеге тұру мен ажырасу бағасы қымбаттайды

Бірінші шілдеден бастап баға 12 %-ға көтеріледі.

 

Некелесуге өтініш беру 3450 теңге болса, 1 шілдеден бастап 3874 теңге болады. Ал ажырасатындар 6900 теңгенің орнына 7728 теңге төлейді. Туу мен өлімді тіркеу сияқты әлеуметтік маңызы бар қызметтер тегін болып қала береді.

1 шілдеден бастап азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі Азаматтарға арналған үкіметке берілетін болады. Бірақ барлық рәсім бұрынғысынша АХАТ бөлімшесінде жүзеге асырылады. Базасы ауысқанымен, қызметтер түрі өзгермейді. Неке тіркеуге өтініш қабылдау, өңдеу, шешім шығару және нәтиже беру қала және аудан АХАТ органдарымен атқарылады.

Басқа материалдар

Back to top button