Елімізде мектеп директорлары жаңа тәртіп бойынша тағайындалады

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. 

Министрдің мәлімдеуінше, мектеп директорлары білім ордасының құрылысы басталған сәтте-ақ тағайындалады. Сәйкесінше директорлар құрылыс барысын бақылап, бас-көз болады.

Алдағы екі жылда 842 мың оқушыға жаңа мектеп салу үшін бюджеттен 2,6 триллион теңге бөлінген. Ал жемқорлардан қайтарылған қаржы арнайы қорда жиналып, келер жылдан бастап мектеп құрылысына жұмсалмақ.