Бас тақырыпЖаңалықтар

Елімізде МӘМС жүйесі өзгереді

МӘМС жүйесі өзгереді, – деп хабарлайды ortalyq.kz 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Елімізде 1 миллиондай адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалып отыр.

Сурет: egemen.kz

Қызылорда облысында болған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жергілікті басқармаларға проблеманы жасырмай, орталыққа шынайы мәлімет беруін талап етті. Қазір тұрғындардан емдеу мекемелерінің жұмысына қатысты арыз-шағым көбейген.

Осыған байланысты қолданыстағы анықтамалардың 27 түрі 2 есе қысқарады.

– Емхана қызметін ұйымдастыруға байланысты үлкен ауруханаларға бару үшін жолдама алудың созылып, тез арада ала алмайтындығы. Тар буынды дәрігерлерге кіру мәселесін кезең-кезеңімен шешіп жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі өз тарапынан бұйрықтарға өзгерістер енгізіп, заңдарға өзгерістер енгізу жұмыстарын бүгінгі күні бастап кетті, – дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button