Ресми

Елімізде кітапханашы-педагог маманы пайда болады

Кітапханашы мамандығында оқитындар жаңа саланы игеріп шығады, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Кітапханашылардың жалақысын өсірумен қатар аталған мамандыққа жаңа мазмұн беру керек деп ойлаймыз. Кітапханашы тек кітап қорын түгендеп, оны оқырманға тауып беретін ғана емес, жан-жақты болуы керек. Мысалы, кітап іздеп келген балалар мен жастарға бағыт бағдар бере алуы тиіс. Сонымен қатар IT мамандарды да кітапхана саласына тарту маңызды, – деді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Халық қалаулысының айтуынша, отандық кітапхана саласы мемлекеттік қолдау мен ілгерілетуді қажет етеді.

– Елімізде алдағы уақытта кітапханашы мамандығына тапшылық туындайтынын ескере отырып, біз грантты 30%-ға арттыруды сұрадық. Бұл мәселе биылғы оқу жылында шешілді. Талдау нәтижесі көрсеткедей, алдағы 3 жылда 6 200 кітапханашы тапшы болмақ. Келесі мәселе – кітапханашы-педагог немесе педагог-кітапханашы деген мамандық ашу. Бұған қатысты министрліктен қарастырып жатырмыз деген жауап келді, – дейді депутат.

Сондай-ақ брифингте кітапханашы мамандығына бөлінетін мемлекеттік гранттардың толық игерілмей қалатыны айтылды.

– Бүгінде елімізде 120 жоғары оқу орны бар. Оның ішінде 14-і – әскери және арнайы оқу орындары. Кітапханашы-педагог мамандығы бойынша реестрден өткіздік. Аталған жаңашылдықты биылдан бастап жүзеге асырайын деп отармыз. Кітапханашы мамандығына биыл бакалавриатқа 100 грант, ал магистратураға 20 және докторантураға 3 грант бөлінді, – деді Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары біліммен кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Баным Нарбекова.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button