Covid-19
Елімізде карантиндік шаралар жеңілдетіледі
2021 жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат етіледі:
- «ASHYQ» жобасы бар барлық бизнес объектілері демалыс күндері 24:00-ге дейін жұмыс істейді. ASHYQ қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижелі ПТР тестінің болуы) болған жағдайда 02:00-ге дейін жұмыс жасайды;
- Сенбі күні қоғамдық көлік қызметіне рұқсат етіледі.
30 тамыздан бастап:
- «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасы көшбасшыларының (ASHYQ қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» болған жағдайда) жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылады.
Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында демалыс күндері карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап енгізу жоспарда бар. Ал жұмыс күндері карантиндік шаралардың жеңілдетілуі 6 қыркүйектен басталады.