Жаңалықтар

Елімізде доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Сурет: forbes.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,17 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 522, 91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523,5 теңге. Еуро 546,5 — 553,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 555 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,90 – 5,10 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 12 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 516,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,98 теңге. Еуро — 542,52.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button