Елімізде депрессияға ұшыраған қызметкерлер екі ай жұмыстан босатылады
Қазақстанда депрессияға ұшыраған қызметкерлер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдей алады. Ол үшін психиатр маманына жүгініп растауы қажет. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл елімізде күйзелісте жүрген 1500-ден астам бар. Олардың басым бөлігі – 18 бен 40 жас аралығындағы адамдар. Мамандардың айтуынша, алдымен науқасқа арнайы психиатриялық орталыққа жолдама беріледі. Дәрігер оның хал-ахуалымен танысып, нақты белгілер анықталған соң жұмысқа жарамсыздық парағын ашуға шешім қабылдайды.
Айта кетейік, дәл осы диагноз қойылған науқастар екі ай, қажет болса, одан да ұзақ мерзімге жұмыстан босатылады.
Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, жер беті халқының шамамен төрт пайызы күйзелістің құрсауында өмір сүріп жүр. Сарапшылар депрессияның алдын алу өте маңызды екенін атап өтті.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



