Бас тақырып
Елімізде ажырасу құны қымбаттайды
Алкоголь, табак өнімдеріне акциздер және некені бұзуға қатысты мемлекеттік баж ұлғайтылады.

Алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Энергетикалық сусындар мен құрамында транс майлары бар өнімдерге акциз мөлшерлемесі енгізіледі.
Сонымен бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК мөлшеріне дейін, ал некені бұзу туралы соттарға талап қоюлардан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылып отыр.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА