Бас тақырып

Елімізде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбырлы күндер басталады

«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері 4, 5 және 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Болжамға сәйкес, барикалық жүйелердің – циклон мен антициклондардың – алмасуына байланысты Қазақстандағы жайлы ауа райы жаңбырлы күнге ауысады.

– Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжанды. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, ал 5 сәуірде республиканың оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі, – делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі, күндіз кей өңірлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Қазақстан аумағында күндізгі температуралық фонның шамалы өзгеруі күтіледі:

елдің батысында +15…+25 градустан +10…+20 градус жылыға дейін төмендейді;

солтүстікте +11…+20 градустан +15…+20 градус жылыға дейін көтеріледі;

шығыста +15…+23 градустан +20…+28 градус жылы аралығында құбылады.

Қазақстанның қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button