Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжат әзірлегенін хабарлады.
Сурет: aif.ru
Бүгін, 15 қаңтар сағат 10:00-ден бастап қасқыр мен шибөрінің санын реттеу мақсатында арнайы рұқсат алуға болады. Рұқсат қағазы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.
– 2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндік берілді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілген, – деп жазылған хабарламада.
Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.