Үкімет

Елімізде алтын қорларының өсімі – 98 тоннаны, мыс – 36 мың тоннаны құрады

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстанда қорлардың өсімі шамамен 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс және 1,3 млн тоннадан астам фосфоритті құрады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз мәслихатында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан айтты.

Сурет ҚР Үкіметі

Алғаш рет мемлекеттік есепке 5 жаңа кен орны қойылды. Олар: Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз аумақтың геологиялық-геофизикалық зерттелуін кеңейтеміз. Бүгінгі таңда 2 млн шаршы шақырымнан астам зерттелді, ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетеді. Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталды»,

— деді ол.

ҚР Үкіметі

Басқа материалдар

Back to top button