Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды – жаңбыр, найзағай күтіледі.

26 қыркүйекте батыста, солтүстік-батыста, 27 қыркүйекте солтүстікте, солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, шығыста және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
Ауа температурасы:
Батыс өңірде түнде 12-17-ден 2-7 жылылыққа дейін төмендейді, батыс пен солтүстікте 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 20-28-ден 10-23 жылылыққа дейін.
Солтүстік-батыста түнде 7-15-тен 3-11 жылылыққа дейін, күндіз 23-29-дан 10-18 жылылыққа дейін.
Солтүстікте түнде 10-16-дан 5-13 жылылыққа дейін, күндіз 20-28-ден 12-25 жылылыққа дейін.
Орталықта түнде 5-13 жылылық, күндіз 20-25 жылылық.
Шығыста түнде 0-8-ден 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, солтүстік пен шығыста 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-25-тен 20-28 жылылыққа дейін.
Оңтүстікте түнде 5-15, күндіз 25-30 жылылық.
Оңтүстік-шығыста түнде 5-13-тен 7-15 жылылыққа дейін жоғарылайды, күндіз 15-27-ден 22-30 дейін жылиды, – делінген “Қазгидромет” РМК таратқан ақпаратта.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА