Жаңалықтар
Елімізде +46 градусқа дейін аптап ыстық болады
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері республика территориясына Ираннан жылы ауа массалары келе бастайды.

– 25-26 маусым күндері еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр, кейбір жекелеген аймақтарында қатты жауын болатынына қарамастан, 27 маусымда еліміздің солтүстік аймағына аптап ыстық келеді. Термометр көрсеткіші солтүстік өңірлерде +35+38 градусты көрсетсе, оңтүстік аймақтарда +40+46 градусқа дейін күн ысиды, — делінген хабарламада.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА