Бас тақырып
Елімізде 38 градусқа дейін аяз болады
Осы аптада Қазақстанда күн суытып, аяз түседі.

«Қазгидрометтің» болжамына сәйкес, еліміздің солтүстігі мен шығысына суық антициклон келеді. 14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градус аязға дейін төмендейді. Қатты аязға қарамастан, антициклонның жылдам жылжуы желдің күшеюіне себеп болады: елдің солтүстік жартысында кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



