Бас тақырып

Елімізде 36 ай ішінде кешірілген берешегі барларға қарыз беруге шектеу қойылады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы биыл 7 қарашада Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Сурет ЖИ

– 2025 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы «Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» №70 қаулыны қабылдады, – делінген құжатта.

Қаулыда соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар  қарыз алушылар үшін борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді, бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, төмендегідей талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруге шектеу енгізіледі:

– банктік қарыздар бойынша күнтізбелік 30 күннен аса және (немесе) микрокредиттер бойынша 1 күннен аса төлем мерзімі өткен кезде,

– 2025 жылғы 1 шілдеден бастап соңғы 36 айда негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек болған кезде,

– соңғы 12 айда қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілсе.

Бұл өзгерістер ағымдағы жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енеді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button