Бас тақырып
Елімізде -35 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, елімізде алдағы күндері -35 градусқа дейін аяз болады.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге антициклон әсер етіп, қатты аяз күтіледі. Ертеңнен бастап жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында –35°С дейін аяз болжанып отыр.
Мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Жолдардың жабылуына қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



