Жаңалықтар

Елімізде 34 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді, салдарынан қолайсыз ауа райы болуы мүмкін. 

Тек елдің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығысында тұман болады.

Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта -13, -22-ден 20-30 градус аязға дейін төмендейді.

Еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 градус аяз болады.

Басқа материалдар

Back to top button