Жаңалықтар

Елімізде 28 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

аяз

Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.

«Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болуы мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады.

22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болып, шығысында қалың қар жауады деп күтіледі.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

 

Басқа материалдар

Back to top button