АймақБас тақырыпҚарағанды
Елімізде 188 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Қазақстанда инвестициялық жобалар аясында 188 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Арман Ақсубаев мәлімдеді,-деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасында 1160-тан астам инвестициялық жоба жүктелген. Олардың жалпы сомасы 49 трлн теңгеден асады. Осы жобалар аясында шамамен 188 мың жұмыс орнын құру жоспарланған», деді Арман Ақсубаев.
Оның айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 5,5 трлн теңгеден астам соманы құрайтын 379 жоба іске қосылады.
Платформаға жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік ұйымдар, Үкімет аппараты, Бас прокуратура және «Атамекен» ҰКП қатыса алады.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ