Елімізде 1205 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1205 адам (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде. Олардың 172-сі стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Коронавирус Қазақстан

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 8 адамның жағдайы ауыр,
  • 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.