Ресми
Елімізде 1205 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1205 адам (–1 023+ және 182 КВИ-) емделуде. Олардың 172-сі стационарда, 1 033 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр”, – делінген министрлік таратқан ақпаратта.