Елімізде 0°С дейін күн суытып, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады
Алдағы демалыс күндері және келесі аптаның басында ел аумағында ауа райы күрт суытады деп күтілуде. Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
13-14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында, 14 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аймақтарында, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал түнгі және таңғы уақыттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Ауа температурасы қандай болады?
Республика аумағының көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
- елдің шығысында түнде 0-9 градус, күндіз 10-22 жылы,
- елдің оңтүстігінде түнде 10-16 градус, күндіз 17-28 жылы,
- елдің орталығында түнде 1-9 градус, күндіз 12-20 жылы.
Солтүстік пен солтүстік-батыста күндізгі температура 12-19 градусқа дейін жоғарылайды. Ал, батыста және оңтүстік-шығыста ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА