Бас тақырыпСпорт
Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады. Эр-Риядта өткен жылдың қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы артқа қалдырып, бесінші орынға көтерілді.

Елена Рыбакина өзінің мансабындағы ең жоғары көрсеткіші – үшінші орынға жақындап келеді.
Белгілі бапкер, Серена Уильямстың бұрынғы жаттықтырушысы Рик Маччи әлеуметтік желідегі жазбасында Рыбакинаның 2026 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атануға толық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Қазіргі таңда WTA рейтингінде Арина Соболенко көш бастап тұр. Одан кейін Ига Швентек екінші, ал америкалық Кори Гауфф үшінші орында.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



