Спорт

Елена Рыбакина Доха турниріне қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина 13-18 ақпанда Катар астанасы Дохада өтетін Qatar Open турниріне қатыспайтын болды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде әлемдік рейтингте 10-орында тұрғанымен, Қатар жарысы одан бұрын жоспарланғандықтан, доданы іріктеу сайысынан бастауы тиіс еді.

Е.Рыбакинаның аталмыш турнирге қатыспайтыны туралы журналист Реем Абуллель Твиттердегі парақшасында жазды.

Журналист Еленаның: «Өкінішке қарай, Дохаға бармаймын. Келесі жылы оған оралуды асыға күтемін, бұл жолы онда болмаймын. Кестеге сәйкес бұлай саяхаттай беру оңай емес. Мен шынында да Мельбурнда жақсы ойнадым. Сондықтан алдағы аптада жай демалып, келесі турнирге дайындаламын», деген сөзін келтірген.

Қазіргі таңда Е.Рыбакина Әбу-Даби WTA жарысында өнер көрсетуде. Бүгін ол кешкісін әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button