Бас тақырып
Электрондық цифрлық қолтаңба кілтін қайта алу тәртібі өзгерді
Елімізде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) кілттерін қайта шығару кезінде қосымша тексеру кезеңі енгізілді, – деп хабарлайды Ortalyq.kz “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ сілтеме жасап.

ЭЦҚ кілттерін қайта шығару барысында қосымша тексеру келесі екі тәсілдің бірі арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне жіберілетін бір реттік кодты енгізу арқылы SMS-растау;
- eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттан алынған кодты енгізу.
Жаңа талаптар әзірге шетелдік тұлғаларға қолданылмайды, себебі олардың телефон нөмірлері көбіне Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген. Бұрын алаяқтар алдау жолымен пайдаланушының жеке кабинетіне қол жеткізіп, оның ЭЦҚ-сын өз тасымалдағыштарына қайта шығара алатын.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



