Жаңалықтар

Электронды темекі тұтынатын жасөспірімдер саны артуда

Елімізде темекінің әсерінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Бұл туралы үкімет отырысында мәжіліс депутаты Нұргүл Тау мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Депутаттың айтуынша, елде электронды темекі бұйымдары қолжетімді бағада сатылады екен. Бағасы орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды.

– Барлық сауда орындарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы электронды темекі қолжетімді бағада сатылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес, 11 мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет болсын қолданып көрген, – деді депутат.

Депутат вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button