Бас тақырып
Электронды несие беретін микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптар күшейеді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларына түзетулер дайындады.

Атап айтқанда, микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды белгілеу үшін мынадай бақылау шараларын енгізу көзделеді:
- алаяқтықпен күресу тәртібін айқындайтын ішкі құжатты әзірлеу;
- алаяқтыққа қарсы жүйелердің болуы;
- сомасы 150 АЕК-тен (2025 ж. 589 800 теңге) асатын электрондық түрде берілген кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді микрокредит беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап және қарыз алушының осы кредитті алуға келісімін алғаннан кейін 24 сағаттан ерте емес аударуға;
- қарыз алушы бір күнтізбелік күн ішінде қосу нәтижесінде сомасы 150 АЕК-тен асатын бірнеше шағын несие алған жағдайда онлайн тұтынушылық микрокредиттерді беруді “салқындату” үшін.
Түзетулер несиелік алаяқтықпен күресуге, сондай-ақ микроқаржы секторындағы алаяқтыққа қарсы жүйені нығайтуға бағытталған.
Жоба Мемлекет басшысы 320 маусымда қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық қызметтерді, коммуникацияларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау және шектен тыс заңнамалық реттеуді жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы аясында әзірленді.
Құжат 2025 жылдың 21 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА