Жаңалықтар

Электр энергиясының шекті тариф пен тарифтік сметасын бекітуге байланысты жария тыңдау өтеді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, ҚР Ұлттық экономика министрі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген, Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына  сәйкес, «Карэнерго LTD» ЖШС-нің электр энергиясын беру қызметіне шекті тариф пен тарифтік сметаны бекітуге өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізбек.

Жария тыңдау Қарағандыдағы «Apart Hotel» ғимаратының үшінші қабатындағы «Элит» залында өтеді деп жоспарлануда. Одан бөлек, қатысуға ниет білдірген жандар ведмствоның Facebook парақшасында жүргізілетін тікелей эфирге қосыла алады.

Шараға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополиялар субъектілері қатысады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button