Ресми

Елдіктің темірқазығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты Балқаш қаласының еңбек ұжымдары өз пікірлерін білдіруде.

Сурет aptamedia.kz

Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының ұжымы Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұсыныстар және тапсырмалар барын, мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтіп отыр.

«Балалар өнер мектебі» КМҚК-ның педагогикалық ұжымы да Президент бастамаларын қолдайтындықтарын жазуда.

«Мемлекет басшысы өз үндеуінде қоғамның барлық топтары, соның ішінде білім беру саласы үшін зор маңызы бар елді дамытудың басымдықтарын атап өтті. Біз білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастамаларды толығымен қолдаймыз. Мектеп және жоғары білім беру сапасын жақсарту, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік оқытуға қолжетімділікті кеңейту жылдам өзгеретін әлем жағдайында тиімді жұмыс істей алатын мамандардың жаңа буынын даярлауға мүмкіндік беретін негізгі факторлар болып табылады», – деп жазады Өнер мектебінің мұғалімдер ұжымы.

Нұрдос КӘРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button