Ресми

Елдікке бастаған ерлік

Түркиядағы табиғи апаттың зардабын шеккендер қатары көп. Ел-елден жиналған құтқарушылар қарқыны да сейілер емес. Осынау зілзала болған елге 15 қарағандылық – ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері барып, құтқару жұмыстарына қатысып қайтты. Олар апат аймағында 8-ші ақпаннан бастап жұмыс істеді.

Түрік мемлекетінің үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғалы бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен жеті адам құтқарылды. Бұл халықаралық достық тұрғысында, түбі бір түрік ағайын алдында атқарылған абыройлы іс болды. Сонымен қатар, қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі үйінділер астынан шығарылды. Сондай-ақ, біздің құтқарушылардың көмегімен және инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын пайдалана отырып, 250 мың текше метрден астам үйіндіні бөлшектеген.

Осынау ерлікке толы игі іске түркиялықтар шексіз алғысын жаудырды. Елдікке бастаған ерлік ел есінде мәңгі қалмақ.

Жан АМАНТАЙ.

Оrtalyq.kz     

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button