Елдік іске этномәдени бірлестіктер де үн қосуда
Елдің жарқын болашағы үшін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де өз таңдауларын жасауда. Бірлестік төрағасы Увайс Джанаев өзінің отбасымен бірге №54 референдум учаскесінде дауыс берді.

– Біз отбасы болып өзіміз бекітілген учаскеге келдік. Бұл – өз азаматтық борышымызды орындаудың, сондай-ақ еліміздің болашағына деген пікірімізді білдірудің мүмкіндігі. Бүгін біздің отбасымыз үшін тағы бір маңызды қуаныш: қызымыз Сурияна өмірінде алғаш рет осындай қоғамдық-саяси іс-шараға қатысты. Қазақстан әрдайым бейбітшілік пен ізгіліктің елі болып келген. Бүкіл отбасы болып біз балаларымыз бен елдің тұрақты әрі жарқын болашағы үшін дауыс бердік, – дейді Увайс Хаважиевич.
Алғаш рет дауыс берген Сурияна Джанаеваға учаске төрағасы тәтті сыйлық табыс етті.
Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ
Ortalyq.kz



