Бас тақырып

Елдің транзиттік әлеуетін нығайту – заман талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты «Ana tili» газетіне берген сұхбатын толықтай оқып шықтым. Көптеген дүние тілге тиек болған екен. Маған соның ішінде көңілді алаңдатып жүрген «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісінің жұмысы аяқталатындығы жақсы жаңалық болды.

Сурет Ақорда

– Биыл ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық – Мойынты» темір жолының екінші желісі салынып бітеді. Бұл жоба еліміздің көлік-транзит инфрақұрылымын түбегейлі өзгертеді. Осы бағыттағы темір жолдың жүк тасымалдау мүмкіндігі 5 есе артады, контейнер пойыздары жүкті бұрынғыдан едәуір жылдам жеткізетін болады. Бір айта кетерлігі, мұндай ауқымды жоба алғаш рет өз жобалаушыларымыздың, инженерлеріміз бен құрылысшыларымыздың күшімен жүзеге асырылды, – деді Президент сұхбатында.
Мен алғаш Қарағанды облысындағы «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталғанда арнайы барып газетке жазған едім. Расымен де, жобаны іске асыру отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және елдің транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі алға қойған маңызды міндетін шешуге ықпал ететін болады.
Айта кетейік, 836 шақырымды құрайтын «Достық-Мойынты» теміржол желісінің екінші жолының құрылысы еліміз үшін аса маңызды. Оның 320 шақырымы Жетісу аумағынан өтеді. Жоба иелері құрылысқа өңірлік өнімдерді пайдаланбақ. Егер бәрі ойдағыдай болса, тәулігіне жүретін пойыз саны 12-ден 60-қа артады. Екінші жолдарды салу барысында 419 жасанды құрылыс жүргізілмекші. Атап айтқанда, 5 үлкен көпір, 87 шағын және орта көпір, 288 су өткізгіш құбыр, 14 автожол өткелі сондай-ақ, энергетика, БОБ құрылғылары және байланыс объектілері салынады. Жобаны іске асыру шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Құрылыста отандық өндіріс материалдарын (шпалдар, рельстер, трансформаторлар және т.б.) пайдалану жоспарлануда. Жергілікті қамту үлесі 80%-дан асады. Шамамен 3700 құрылысшы тартылады. Желіні пайдалануға бергеннен кейін теміржолда тұрақты жұмыс орындарымен 500 адам қамтамасыз етіледі. Жобаны іске асырудың жиынтық әсері 20 жыл ішінде бюджетке түсетін түсімдерді қосымша 4,1 трлн. теңге мөлшерінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button