Ресми

Елде некеге тұру саны да бала туу көрсеткіші де азайған

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда  24,5 мың неке тіркелген. Бұл 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 10,6 пайызға төмен, деп хабарлады Ortalyq.kz  Ұлттық статистика бюросы сайтына сілтеме жасап.

Жылдың алғашқы үш айындағы некелесу коэффициенті 1000 адамға 5 некені құрады. Сондай-ақ, осы кезеңде АХАТ органдарының деректері бойынша, соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда 3,8 мың ажырасу тіркелген. Бұл да 2022 жылдың тиісті деңгейінен 5,6 пайызға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79-ды құрады. 

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәрестелер саны бір жылда 9,5 пайызға азайды. Былтыр 403,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. Ол кезде көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button