Жаңалықтар

Елде құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынбақ

Елде құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынбақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

құмар ойындардың жарнамасына тыйым салынбақ

Кеңесте министр елдегі букмекерлік кеңселердің азайып келе жатқандығын да айтты. Соңғы 2,5 жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайған. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр.

– Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек, – деді Асхат Оралов. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button